Анаған да Абаев,
Мынаған да Абаев.
Құлағанға Абаев,
Жылағанға Абаев.

Су шықса да Абаев,
Шу шықса да Абаев.
Күн шықса да Абаев,
Тұншықсаң да Абаев.

Суып кетсе Абаев,
Жуып кетсе Абаев.
Кейбір кісі шатасып,
"Қуып" кетсе Абаев.

Өй дейтін де Абаев,
Бүй дейтін Абаев.
"Мина" қойған жерге кеп,
"Билейтін" де Абаев.

Бір дейтін де Абаев,
Нұр дейтін де Абаев,
Біреу үшін таяқ жеп,
"Кірлейтін" де Абаев.

Ұға алатын Абаев,
Сыбалатын Абаев.
Құлақ түріп бәріне,
Құп алатын Абаев.

Бастайтын да Абаев,
Растайтын да Абаев.
Жұрт жабылып жатса да,
Саспайтын бұл Абаев.

Орысшаға Абаев,
Қазақшаға Абаев.
Бұл билікте сөйлейтін,
Басқа кім бар, xалайық?!

Серік Аббас-Шах 18.04.2019

5 comments

Daulet
Абаев швейцарский нож
не скучно там вам?
🤣🤣🤣🤣🤣
Серік аға жарды ғой 😂😂😂