Кеше haute couture аңызы Пьер Карден (Pierre Cardin) 98 жасында дүниеден өтті.
Принтты колготки, жағасыз ұзынша пиджактарды және көптеген сәнді дүниелерді ойлап тапқан кутюрьеге біз де қарыздармыз. Не үшін?
Ең алғаш прет-а-порте көрсетілімін 1959 жылы қарапайым Printemps универмагында өткізді. Дәл сол жерде өз коллекциясын сата бастады. Дизайнерлік заттардың арзандауының арқасында енді оларды тек бай-бағландар ғана емес, қарапайым тұтынушылардың да қалтасы көтере бастады. Бұл әрекеті үшін Пьер Карденді кәсіподақ haute couture қатарынан шығарып тастады. Дегенмен бірнеше жылдан соң Карден кәсіподаққа оралып қана қоймай, оның төрағасы болды. Ал көптеген сән үйлері қарапайым адамдарға жақындай түсті.

Comments

Be the first to add a comment