ПРЫЩ ЖӘНЕ КУШОН
 Бір жарым ай болды иегіме прыщ шығып жүйкеме тиеді. Дәл маңызды кездесу алдында ыздиып шыға келеді.
Бұрын беті безеу адамдарды көріп ойлайтынмын "құдайым-ау қазір не көп, косметологиялық құралдар көп, косметологтар көп, емдемей ма" деп.
Өзімде шыққанда көрдім ғой. Чего я тока не делала-ла. Спиртпен сүртіп, содадан маска жасадым. Цинковый мазьді жақтым. Алоэ, каланхоэден примочкалар жасадым. Масло чайного дерева дегенді алдым. Айтпақшы "мың дертке дауа" қара тмин майын да жаққанымды мойындаймын))  Бірнеше күнде кетеді, қайтадан шығады. Иегімдегі оңбағандарды кушонмен жасырып қоямын аздап))
Кушон деген рақат қой. Текстурасы тоналды крем, BB-кремнен де әйбат)
Қорабы пудра сияқты. Бірақ ұнтақтың орнына крем сіңген губка тұрады. Бетке опа жағатын спонжды сол шылқыған губкаға басып-басып бетіңізге жаға бересіз.   Теп-тегіс болып жағылады. Бетің демалады (пораларды бітеп тастамайды). Күн ыстық болса не терлесең тоналка сияқты ағып кетпейді. Оның үстіне SPF қорғанысы, басқа да пайдалы компоненттері де бар. Сөмкеңнен алып кез келген сәтте пудра сияқты жаға салуға болады. Айнаның алдында сағаттап отыра алмайтындар үшін күшті. Бір минутта спонжигімен бетті фшык-фшык еткізіп жүре береді.
В общым әңгіме безеу туралы еді ғой.
Безеу иек тұсына шықса демек сізде келесі проблемалар болуы мүмкін:
🔅 асқазан-ішек жолдарында бір гәп бар
🔆 гормоналды фон бұзылған
🔆 женский проблемалар.
Асқазан-ішек жолдарында енді вряд ли. Екі ай бұрын гидроколонотерапия курсын жасағам (оой, бұл процедураны айтсам әлі көзіме жас келеді 😅) . Одан бері қатаң диетадамын. "Орындығым" дұп-дұрыс.
Гормоналды фонға күмән болды. Бірақ Олимпке барып ТТГ, Т3, Т4, Т4 своб., анти ТПО, анти-ТГ гормонларының анализін алдым. Онлайн консультация арқылы көрсетіп едім, эндокринолог норма шегінде деді.
Женский жақтан да проблема жоқ. Мамырда санаторийде бос жатпай толық тексерілгем.
Бүгін косметологыма барғанда кушон туралы кездейсоқ әңгіме болып кетті. Кушон губкасын ауыстырып тұрмасаң да күнара жыуып тұр дейді. 😑 сатып алғалы бері бір де бір рет жуған емеспін 🤪😳
Міне ол немене Михаил ұлы)) Бір инфекцияны губкаға жұқтырып оны матырып-матырып үнемі иегіме жағып қоямын.
Тоқсан сөздің түйіні -  кушон спонжиктерін үнемі жуып жүріңіздер, қыздар) 😘

1 comment

Иә, айтпақшы дұрыс ұйықтамау (ұйқы жетіспесе) да безеу себебі болуы мүмкін. Кортизол бөлінбейді деді ме, бірдеңе деп айтқан есімде жоқ. Ұйқыларыңыз тынық болсын)