Косметика алуға тұрарлық инстадүкендер
Негізі бар ғой крем тұрмақ, скраб, шампуньдердің өзін «хозяюшка» сияқты дүкендерден алмаймын. Ол дүкендерге қайдан келгенін ит білсін. Түрлі әңгімелер естіген соң. Бірде бір инста дүкеннен The Ordinary эмульсиясын алып, бетімді құртып алғам. Цехте жасалған самопал деп топшыладым. Содан бері косметика алсам, дәріхана, немесе сенімді кәсіби дүкендерден аламын. Сондықтан өзім инстадан қарап жүріп, сеніммен алатын дүкендеріммен бөлісейін.
korner.kz
Дүкендері Алматы және Ақтөбе қаласында бар. Бағалары өте бюджетті. Басқа қалаларға жеткізу сервисі бар. Небәрі 3-5 күн аралығында косметикасы мұқият оралған қорапшаларды пәтеріңізге дейін жеткізіп береді. Жеткізу ақысы Қазақстан қалалары үшін 1600 теңге көлемінде (ақтаулықтар үшін 1900 теңге).

mixit_kazakhstan Ресейлік бренд. Зертханалық косметика. Ресейлік брендтің бағасы онша арзан да емес, бірақ эффектілі. Шампунь/бальзамы/скраб, бет жуатын құралдары, уопщым тазартатын құралдары өте жақсы. Маскаларын аса түсініңкіремедім. Альгинат маскалары бірден қатып қалады, шешкенде бетті қызартып жіберді. Альгинат маскаларынан корейлік брендтерге жететіні жоқ әлі.

ecomixkz табиғи компонент, экокосметика іздейтіндерге ұсынарым осы. Инстасынан қарап, таңдап, eco-mix.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан тапсырыс беруге болады. Алматыда жеткізу қызметі 900 теңге, Қазақстан бойынша 800 теңге. Иә, маған да өте странды көрінді. Бірақ өзім Құрманғазы көшесіндегі дүкенге барамын. Он мыңнан асатын сомаға тапсырыстар тегін жеткізіледі. Бірақ бар ғой, экокосметиканы жазда сериясымен алдым, бірақ бұрынғы брендтерімен қайта оралдым. Қазір тек сабын, сусабын, ұсақ түйектерін аламын.
qazyna_beauty Ең жақсы косметиканы жинаған, негізінен бағасы ортадан жоғары. Бірақ маған бүл дүкеннің консультанттары ұнайды. Әйтеуір бір нәрсені сатып жіберу емес, өте білімді, тері күтімі туралы сағаттап сөйлесе алатын адамдар. Керек болса бюджетті нұсқаларын да рекомендейді. Инстаграм арқылы да консультация беріп, теріңізге қажетті құралдар тізімін жасап бере алады.
Кейін бір жолы Iherb-тен алдыратын косметика мен витаминдер туралы жазам. Әзірге осымен тәмам.

Comments

Be the first to add a comment