Бізді осындай бейбіт өмірге жеткізген, болашағымыз үшін қан төгіп, жан беріскен барлық ардақты да батыр ата-бабаларымызға мың алғыс! Сіздердің есімдеріңіз ел аузында мәңгі сақталады! Ұрпақтарыңыз сіздерді ешқашан ұмытпай, осынау қасиетті мереке – Республика күні ардақты ата-бабаға тағзым етіп, сіздер салған сара жолмен әрі қарай жүре беруге әрқашан дайын екендігін білдіреді! Ұлттық мереке құтты болсын! Ортақ қара шаңырағымыз – Қазақстан Республикасы құлпырып, гүлдене берсін!