Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллажының жанында ұзақ тұрдық. Раушан, Лаванда мен ванильді қарадық. Бұрышта тұрған Aqua Allegoria Mandarine Basilic Guerlain назар аудартты. Тест жасап білегімнің ішкі жағына бір рет пыш еткіздім. Ақыры таңдау жасап иіссуымызды алдық. Бағана сыртқа шығып бара жатқанда өзімнің Guerlain l'interdit-імді сеуіп шыққам. Үйге келдім. Беті-қолымды жуып, киімімді ауыстырдым. Өз иіссуым үнсіз. Ал әлгі бір себім Mandarine әлі айқайлап тұр. Неге осы тестіден еріп келген жалғыз ауыз иістің айқайы қаттырақ шығады ә?

2 comments

Aieshka Moldir
Көбіне тестерлердің иісі стойки болады, былайғы иіс суларға қарағанда. Жарнама жасағанда адамдарға күшті әсер қалдыру үшін. Осы жағдай шет елдерде де осылай екен, Верона қаласында иіс су сататын бір дүкен қызметшісі тестер деген жазуы бар flora by Gucci иіс суын сыйлаған еді, иісін ұнатып тура сондай көлемдегісін сатып алдым (ол жерде тестер жазуы жоқ) елге келіп апкеме сыйладым. Екеуміз қатар сеуіп жүрдік и менікі (тестер) екі үш күнге дейін "айқайлайтын" ал әпкенікі ары кеткенде бір күн тұратын 😀
Galymzhan
Әтірімнің иісі ұзақ тұрмайды. Сепкен кезде сәл піст еткізсең айқайлап шыға келгенімен