Manshuq Media баспагерi Жанар Гилимова жаңа мақала туралы:

«Дағдарыс жағдайындағы әйелдер» арнайы жобасы аясында біз «Жетісу» туристік компаниясының директоры Елена Бекбоеваның және Adili брендінің негізін қалаушы Әсел Әділдің дағдарыс кезінде бастаған бизнестері қандай күйде екені және бұл дағдарысты еңсеру жолдары туралы монологтарын жазып алдық.

Мен өзім соңғы 10 жыл ішінде елдегі ең ірі корпорациялардың бірінде жұмыс істедім, әртүрлі дағдарыстарды көрдім, бірақ бұл жолы расында да бүкіл әлемді алаңдатқан оқиға болды. Тіпті қаржы жағынан қалыптасқан, тұрақты клиенттері бар үлкен корпорациялардың өзіне өте ауыр болды. Ал отандық шағын және орта бизнестің жайы туралы айтып жату артық та шығар.

Бұл мақала маған кейіпкерлердің шынайылығымен, олардың ой-пікірлерінің ерекшелігімен және ішкі тұрақтылығымен ұнады. Бұлар self made women деп сеніммен айтуға болады, оларға үлкен ризашылық білдіремін және шын жүректен осы жағдайдан өз саласының жеңімпазы ретінде шығуын тілеймін!»

#qolda #ішіңдегіқуат #мықтыәйелдер #мансап #women #бизнес #алматы #almaty

https://manshuq.com/career-post-quarantine-business-08-2020

Comments

Be the first to add a comment