Бірде Иль Де Ботэге кірген едім (Мәскеудегі прафюм және косметика дүкені). Көп парфюмның ішінен Byredo-ның Bal d'Afrique-сын таңдадым. Бұл өзі танымал иіс емес. Бірақ өзіне ғана тән інжір, ветивер сезілетін шығыс ноталары бар. Сеуіп алдым да өзімнің талғампаздығыма риза боп салонды аралап жүрмін. Бір кезде бір консультант әйел маған жақындады. Өзі біртүрлі. Қалған кеңесшілерге ұқсамайды. Жасы келіп қалған зиялы әйел сияқты. Мектептегі география пәнінің мұғалімі бар ғой, сондай тип.
– Byredo ма?
– Иә, (Көптің бірі емеспін, талғампаздығымды қара дегендей мақтанышпен)
– Нашар таңдау.
– ... (сөз таба алмай аңтарылып қалдым. Мынау әйел сенің таңдауың құсық деп тұр ғой маған?!)
– Жүріңіз сізге одан да басқа бір иісті көрсетейін.
Әлгі апайдың артынан екінші қабатқа көтерілдім. Мұнда адам аз, сұранысқа ие емес иістер тұрады негізінен. Ол мені Rancé стендіне әкелді де "міне" деді қолыма Triomphe-ты ұстатып. "Бұл соңғы құйылымдар, кейінгі шығатындары мұндай емес" деп жатыр.
Септім. Ұнаттым. Сатып алдым. Бірнеше күннен соң, әрине. Парфюм үйіндегі есімде қалған консультант осы жасы келіп қалған әйел еді.
Бұл Таня Миронованың Непарфюмерный подкастында айтқан естілігі. Ол қазір Кот д'Азур Университетінде (Франция) осы саланы зерттейді. Ойлау қабілетінен иіс сезу қабілетіңіз күштірек дамыған болса, подкаст ұнайды)))

Comments

Be the first to add a comment