Мәселен, бағдарламаға келген 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызы өзін 14 жасында үш жігіт зорлағанын айтады. Жігіттерді соттаған, бірақ түрмеге жаппаған, бостандықта жүр. Басынан өткен арсыз әрекет салдарынан Қызғалдақ жүкті болып, ұл туған. Ұлы екі жастан асыпты. Бағдарламаның басында Қызғалдақ пен ұлдың әкесі делінетін жігітпен өзара татуластыру мақсат етілгені, тіпті татуласу мүмкін болмаса, баланың әкесі екенін анықтап, алимент төлеуге міндеттеу айтылған еді.

Кейіпкер де, жүргізуші мен қатысушылар да: «Бала өз әкесімен аралассын, ұлға ер азаматтың тәрбиесі керек» деп айтады.

Бағдарламаның келесі шығарылымында ұлдың әкесі (зорлаушының бірі) тікелей эфирде байланысқы шығып, бар кінәні 14 жасар зорланған қыздың өзіне аударып, қыздың ауылға көп қыдырып келетінін алға тартады. Қызғалдақты зорлаған жігіттер саны үшеуден де көп екенін айтады.
https://newreporter.org/kz/2020/09/08/kel-tatulasajyq-realiti-shouy-zorlaushymen-qalaj-tatulaspaq/?fbclid=IwAR1ZMNMWTQ50C9QvSWSJX8HepKy4Dl5l0OYH1zXd0mnyxcNGqSYcChzLU7Q

2 comments

Феминизмді дәріптейміз деп бір адым алға бассақ, осындайларды көріп екі қадам артқа кетіп бара жатқандаймыз. Цензура осыларды тыйса, шіркін-ай!
Бұл боқдарлама топастықтың, қотақбастықтың жиегіне жетті-ау.